Бастауышым - бал бұлағым!
Қайырлы күн, қадірлі де құрметті ұстаздар, ата-аналар! Бұл мерекенің негізгі мақсаты - бастауыш сыныппен қоштасу екендігі барлығымызға аян. Бүгінгі үлкен қуаныш иегерлері 4-сынып оқушылары.
Жас жүректің өмірінің құштары гүл,
Бағбан - ұстаз баулаған құстары бұл,
Қоштасып бүгінгі күн бастауышпен,
Сол құстардыңбір тобы ұшқалы тұр.
Толқимыз, толқып тұрмыз баршамыз да,
Мұндай күй болмаған шығар қаншаңызда.
Қол соғып қошеметпен шақырайық,
4-сынып оқушыларын ортамызға.
- дей отырып "Нұр отан" биімізбен түлектеріміз ортамызға шақырылады. Біздің алдарымызда тұрған 4-сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп, етек жиған шәкірт және бастауыш сынып түлектері. Міне бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендіше қызықты да ғаламат өзгерістер силаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына да өнерлерін көрсетуге дайын.
Түлектеріміз жақсы дайындалып, қонақтарымыз жақсы әсер алып, тілектерін білдірді.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер