20-30 қараша аралығында Тұнғыш Президент күніне орай іс-шаралар өткізілді. Апталық барысында шағын орталықта, дайындық тобында, 1-11 сыныптар аралығында ашық сынып сағаттары, спорттық ойындары, мерекелік концерт, "Шеберлік қол" көрмесі, "Бірінші бол"акция, "Жас Қыран", "Жас Ұлан" ұйымына қабылдау рәсімі өткізілді. "Елін сүйген Елбасы" шығарма тақырыбымен аудандық конкурсына қатысқан оқушылар дипломмен /Баянды Перизат 9 сынып / және сертификаттармен /Мустакимова Мадина 10 сынып, Пшембаева Мақпал 11 сынып/ марапатталынды.