Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

bilim land

block2_eop.png?_=1495528154
<

 введите текст 

введите текст

Бостандық орта мектебінде Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын талқылау туралы мәлімет


2017 жылы 2 ақпан күні мектеп ұжымы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жыл сайынғы  Жолдауын талқылады. Мектеп директоры Т.А.Садуев  Жолдау тармақтары бойынша сөз сөйлеп, ұжымның көкейкесті сұрақтарына жауап беріп, еліміздің өткені мен бүгінгі күннің елеулі халықаралық қатынастары мен  оқиғалары туралы баяндады. Олардың ішінде биыл   өткізіліп отырған Алматы қаласында  28 –ші қысқы Универсиада, Астана қаласындағы халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі туралы да айтылды. Бұл жердегі негізгі фактор Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін жаппай енгізу болуға тиіс. Бұл – автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер» алмасу, тағы басқа міндеттер. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор. Әсіресе, экологиялық таза тағамдарға қатысты. «Made in Kazakhstan» бренді сондай өнімдердің эталоны болуға тиіс екені,  әлеуметтік қамтамасыз ету саласына қатысты, қауіпсіздік ахуалы қуатты және әрекет ете алатын мемлекеттің өлшеміне айналып келеді. Қазіргі заманда адамзат терроризмнің белең алуымен бетпе-бет келіп отыр. Бұл ретте деструктивті күштерді қаржыландыратындарға, шетелдік террористік ұйымдармен байланыс жасайтындарға қарсы күрес жүргізу ісі негізгі мәселе болып саналады. Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу керек. Қоғамда, әсіресе, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыру керек. Мектептердегі «Адал ұрпақ»  клубы да осы негізде құрылғаны туралы  айтылды.



 Тарих пәнінің мұғалімі Е.Б.Танатбаев бұл Жолдаудың маңыздылығын айта отыра, бірінші  жаңғыру кезеңі -  КСРО ыдырап, Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жылдарын қамтыған. Екінші жаңғыру кезеңі  - «Қазақстан - 2030» Стратегиясы жарияланып, елордамыз Астана қаласына көшірілді. Үшінші жаңғыру кезеңі – осы жылдан бастап іске асырылатыны туралы тоқталды.

 С.Ө.Жазитова  бастауыш  сынып  мұғалімі  Жолдауды асыға күткені  туралы айтты. Бұл  Жолдауда  халықтың  әлеуметтік  әл – ауқатын  жақсарту - 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 2,1 миллион зейнеткер үшін зейнетақы 2016 жылғы деңгейден 20%-ға дейін арттырылады.Бұдан бөлек, базалық зейнетақы тағайындау 2018 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа әдістеме бойынша жүзеге асырылады. Оның көлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты белгіленеді, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі 20%-ға өсіріледі.

  Ең төменгі күнкөріс шегін де қайта қарастыру керек. Бұл қадам 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы, мүгедектерге және асыраушысынан айрылған отбасыларға арналған жәрдемақы, мүгедек бала тәрбиелеп отырғандарға берілетін атаулы көмек пен жәрдемақы көлемін 3 миллион адам үшін өсіруге мүмкіндік береді. Білім беру саласына да көңіл бөлінгені де қуантарлық жайт.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь